БІЛІМ САПАСЫНА МҰҒАЛІМНІҢ ЫҚПАЛЫ
Педагогтерге әдістемелік көмек беру мақсатында 2021 жылдың 9 қазан күні Тараз қаласы білім бөлімінің №59 орта мектебінің директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н.Курмашева «Білім алушылардың өткен оқу жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын жүзеге асыру» және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Тортбаева «Критериалды бағалауды жүргізу тәртібі» тақырыптарында семинар өткізді. Семинар барысында 2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр пән бойынша олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыс жоспарын құру жүйесі, күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын анықтаудың жолдары, қосымша сабақтардың кестесін құру, оқу процесінде белсенді әрекеттерді ұйымдастыру формалары көрсетілді. Сонымен қатар критериалды бағалау жүйесі бойынша қалыптастырушы бағалау, БЖБ,ТЖБ, рубрика, модерация үдерісін жүргізу тәртібі туралы айтылды.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Педагогтер көптеген сұрақтарына жауап алды. Семинар соңында кері байланыс алынып ұстаздардың ұсыныстары ескерілді.
Посмотреть онлайн файл: olylytardy-ornyn-toltyru.pdf