03
наурыз
2022
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ ҒАНА ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕДІ
Сапалы білім беру қай кезде де болмасын қоғамның басты құндылықтарының бірі болып саналады. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Осы орайда 2022 жылдың 3 наурыз күні Тараз қаласы білім бөлімінің №59 орта мектебінде бастауыш сынып пәндерін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру, озат тәжірибені тарату мақсатында «Оқытудың жаңа тәсілдері арқылы бастауыш сынып білім алушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері үшін практикалық семинар өтті. Семинар барысында заманауи әдістерді өз тәжірибесінде қолданып жүрген бастауыш сынып мұғалімдері Исаева Анар, Мирманова Жулдыз, Серикбаева Санем, Анатаева Айгуль заманауи әдістерді сабақ барысында тиімді қолдану жолдарын жоғары деңгейде көрсетті. Сонымен қатар Журакулова Гулмира әріптестерінің жаңа әдіс-тәсілдерге деген көзқарастарын көру, кеңесу мақсатында «Жаңа білімге заманауи көзқарас» атты шебер сынып өткізді. Шебер сынып мұғалімдердің сабақта оқытудың 7 модулін неғұрлым тиімді пайдалана отырып, ел болашағы балалардың дамуына, білімді өз беттерімен алып, оны орынды қолдана білуіне ықпал ететіні туралы ой түйді.
Семинар соңында Тараз қаласы білім бөлімінің әдіскері Игисинова Жайна Жандарбековна семинарға жоғары баға беріп, ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.
№59 орта мектебі директорының
ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Н. Курмашева