Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Тортбаева Аманкул Тынышбековна

Тортбаева Аманкул Тынышбековна 1977 жылы 5 мамыр күні Жамбыл облысы, Свердлов ауданы, Суханбай ауылында дүниеге келдім. 1983-1994 жылдар аралығында А.Суханбаев орта мектебінде білім алып, 1994-1996 жылдар аралығында Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжін «Жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш кластарын оқыту» мамандығы бойынша бітірдім. 2003-2006 жылдарда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша оқу орнын бітірдім. 1996-2021 жылдар аралығында Тараз қаласы М.Мақатаев атындағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша және қосымша 2014-2021 жылдарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық міндетін атқардым. Еңбек өтілі:25 жыл, Санаты: педагог-шебер.