
Медет Әскербекұлы Джантелиев №59 орта мектебінің директоры. Медет Әскербекұлы Джантелиев, 1985 жылы 26 сәуірде, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Шахан ауылында толық отбасында дүниеге келген. 2003 жылдары Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектебін бітірген. 2007 жылы Тараз кәсіптік колледжінде «Есептеуіш техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқу орнын аяқтаған. 2010 жылы Тараз қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-не «Есептеуіш техникасы және бағдарламаны қамтамасыз ету» мамандығын алған. 2013 жылдары Жамбыл гумманитарлық техникалық университетінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника ғылымдарының Магистранты. 2016 жылы Тараз инновациялық гумманитарлық университетінің «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығын алған.
2007 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың желтоқсан айына дейін Тараз қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-де Ақпараттық технология бөлімінде оператор қызметін атқардым. 2007 жылдың желтоқсан айынан бастап Тараз қаласы М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалім болып жұмыс істеп, 2014 жылы Тараз химия технологиялық колледжіне директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Аталған оқу орныныда 1 жыл қызмет атқарып 2015 жылы Тараз қаласы М.Әуезов атындағы №33 орта мектебіне директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып орналасқан. 2012-2017 жылдар аралығында осы жұмыстарға қосымша Тараз инновациялық гумманитарлық университетінің қаржы есеп бөлімінде бағдарламашы қызметін атқарып келген. 2018 жылдың маусым айынан бастап «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Төле би атындағы №8 гимназиясы» КММ, директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін 2018 жылдың қазанына дейін атқарған. Қазіргі таңда №59 орта мектебінің директоры.