28
қазан
2021
ЖАС МАМАНДАРҒА СЕНІММЕН ҚАРАЙМЫЗ
«Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі» Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. Осыған байланысты 2021 жылдың 28 қазаны күні №59 ОМ мектебінің жас маманы Сапарова Аякуз Тажимуратовна 4а сыныбына ағылшын пәнінен «People and places» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ұстаз жас та болса өзін жақсы қырынан көрсетіп сабағында білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда тиімді әдістерді қолданды, түрлі дидактикалық таратпа материалдарын пайдаланды, бейнероликтер көрсетті және жаңа сөздермен ойын ұйымдастырды. Білім алушылар белсенділік танытып, өздерін қалай ағылшын тілінде еркін сөйлетінін көрсетті. Сабақ жақсы деңгейді өтті. Мектебіміздің тәжірибелі жоғары санатты мұғалімдерінен құрылған сарапшылар тобы өз ұсыныстарын айтып әлі де сабақты жетілдіру жолдары бойынша бағыт бағдар берді.








