26
қараша
2021
ӨНЕРЛІНІҢ ӨРІСІ КЕҢ
2021 жылдың 26 қарашасы күні көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби шығармашылықтарын арттыру, шығармашыл мұғалімдердің жұмыстарын насихаттау мақсатында Тараз қаласының көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында «Ұлттық қазына» атты шығармашылық байқауы өтті. Байқаудың талаптарына сай жасалынып жоғары баға алған №59 орта мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Сериков Абзал Алтынсариевичтің майлы бояумен орындалған «Аңшы» атты жұмысы жүлделі ІІ орынды иеленіп облыстық кезеңге жолдама алды. Өнерлінің тірлігі оңынан келеді, өйткені, оның қолынан келеді-демекші Абзал Алтынсариевичті жеңісімен құттықтап өнеріңіз өрге жүзе берсін деп айтқымыз келеді! Келер сыннан сүрінбей өтіп мектебіміздің мәртебесін арттыра беріңіз!
