22
мамыр
2023
2023 жылдың 22 мамыры күні Тараз қаласы білім бөлімінің №59 орта мектебінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен мектеп ұжымына IQ интеллектуалды ойын өткізді.
2023 жылдың 22 мамыры күні Тараз қаласы білім бөлімінің №59 орта мектебінде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен мектеп ұжымына IQ интеллектуалды ойын өткізді. Ойын қызықты әрі бәсекеге толы болып өтті. Ойынға қатысқан 10 топтың ішінде 1 орынды бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған «Тәуекел» тобы, 2 орынды жас мамандардан құралған «Жас маман» тобы және 3 орынды көркем еңбек пәні мұғалімдерінен құралған «Сұңқар» тобы жеңіп алып арнайы естелік сыйлықтарға ие болды. Көш басына шыққан топтарды ұжым атынан шын жүректен құттықтаймыз! Ал келесі ойындарда барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!