Мектепішілік «Көктем аруы — 2020» байқауы
2020 жылдың 4 мартында №59 орта мектебінде «Көктем аруы — 2020» байқауы жоғары деңгейде өтті. Байқаудың мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу. Міндеттері әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқау бес кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша барлық қыздарымыз жүлделі орындармен марапатталды.