01
июнь
2021
"Балдаурен" жазғы лагерьнің ашылу рәсімі
16 ч. · Это видят: Доступно всем

Бүгін «1июнь —балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында мектеп жанындағы «БАЛДӘУРЕН» лагері өз жұмысын бастады.
Әрбір бала - бір жұлдыз.
Әрбір бала - бір жұлдыз жаға білсең,
Дарынына дем бергін дара жүрсе.
Бетін қақпа,белін бу, үмітін жақ,
Талабы мен талантын таба біл сен.
Әрбір бала - бір жұлдыз, жарқырасын,
Басындағы базарын сарқымасын.
Өнерін аш, алға апар, таныт көпке,
Осы ісіңмен бәрін де таң қыласың.
Әрбір бала - бір жұлдыз, жігерлендір,
Жанды көрсең тағдырдан түңілген бір.
Ішіне үңіл,жанын ұқ, сырын оқы,
Ашыла алмай өтпесін өмірден құр.
Әрбір бала - бір жұлдыз, көкке шығар,
Бәлкім оның өзгеге өкпесі бар.
Қырын ұшта, қыбын тап, қанат байла,
Биік өсер баптаған екпе шынар.
Әбрір бала - бір жұлдыз, жүрсін төрде,
Кеудесінен мұңын жой,күрсіндірме.
Көңіл аудар, көмек бер,көкке көтер,
Бақыттың бар екенін білсін жерде.
Мереке құтты болсын!