20
февраль
2021
Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу
Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты жылдар мен өткелегі мол өткенді естелік қылып және оны көңілге кесте қылып тоқу ғана емес, сол кездегі ана сүті аузынан кеппеген түбіт иек бауырларымызды еске алар күн! Тарихта ойып тұрып орын алған —Ауған соғысы күні. Біз үшін қайғы болып қапталып, қасірет болып жатталып қалған бұл күннің қаһармандарын еске алып, батырларымыздың ерліктерін ұмытпау мақсатында мектебіміздің АӘжТД мұғалімі М. Көлжанның ұйымдастыруымен Тараз қаласы ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Дүкенбай Ермековпен пен ауған соғысының ардагері
Шухрат Абдувахаповпен керемет кездесу өтті. Құқық айлығы аясында өткен бұл кездесу оқушылардың бойына тәрбиелік мән мен мол күш бергені сөзсіз