Мектеп директоры М.А.Джантелиевтің Қамқоршылық кеңес алдындағы І жарты жылдыққа есебі
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №59 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңес отырысы
Хаттама №2
Тараз қаласы «4» желтоқсан 2019 жыл
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері – 13 адам.
Күн тәртібінде
- Мектеп директоры М.А.Джантелиевтің қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.
1.Сөйледі:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры М.Джантелиев сөз алды. 2019-2020 оқу жылына дайындық жұмыстары 100% жүргізілді. Сынып кабинеттері, үлкен, кіші спорт залдары және дәліздері әктеу, сырлау қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп айналасы көгалдандырып, спорт алаңын тазалап, сырлану жұмыстары атқарылды. Техника қауіпсіздігі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай. Зиянды кеміргіштерден залалсыздандыруға дезинсекция, дератизация жасалынды. Өртке қарсы дабыл жүйесі техникалық тексеруден өтті. Жаңа оқу жылының дайындық жұмыстарына, мектептің кеңсе заттарына бөлінген сумма мектеп сайтында ашық бюджет айдарына жарияланды (қосымша тіркелді).
Жалпы мұғалімдер саны – 107, сапалық құрамы жаңа оқу жылында - 33,9 пайыз. Педагог-зерттеуші – 1, жоғары санат – 5, педагог-сарапшы – 7, бірінші санат – 24, екінші санат – 17, педагог - модератор – 14, санаты жоқ – 37.
Жаңа оқу жылында 4,9,10 сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті, 4-9 сыныптар сатылай, 10 сыныптар жоспарлы түрде көшті.
2019 – 2020 оқу жылының басында жалпы мектеп бойынша 52 сыныпта 1236 оқушы болды. І тоқсан қозғалысы бойынша кеткен оқушы саны 29, келгені 32-і тоқсан соңында 1239 оқушы аяқтап шықты. І тоқсан қорытындысына тоқталсақ.
Сыныптар | Барлық оқушы саны | Үздік | % | Екпінді | % | Сапа % | Үлгерімі % | |
1 | 180 | |||||||
2 | 180 | 45 | 25 | 75 | 41,6 | 66,6 | 100 | |
3 | 136 | 39 | 28,6 | 48 | 35,2 | 63,9 | 100 | |
4 | 124 | 27 | 21,7 | 49 | 39,5 | 61,2 | 100 | |
1-4 | 440 | 111 | 25,1 | 172 | 38,7 | 64,3 | 100 | |
5 | 116 | 10 | 8,6 | 46 | 39,6 | 47,8 | 100 | |
6 | 115 | 17 | 15 | 43 | 37,3 | 51,3 | 100 | |
7 | 102 | 16 | 15,8 | 36 | 35,2 | 50,4 | 100 | |
8 | 116 | 20 | 17,2 | 41 | 35,3 | 52,5 | 100 | |
9 | 89 | 11 | 12,5 | 36 | 40,4 | 52,3 | 100 | |
5-9 | 538 | 74 | 13,8 | 202 | 36,9 | 51 | 100 | |
10 | 45 | 2 | 4,5 | 21 | 46,6 | 50 | 100 | |
11 | 36 | 14 | 38,8 | 38,8 | 100 | |||
10-11 | 81 | 2 | 2,5 | 35 | 42,5 | 45 | 100 | |
Барлығы 2-11 | 1059 | 187 | 17,7 | 409 | 38,3 | 56 | 100 | |
1-11 | 1239 |
Жоғары білім сапасын көрсеткен: 2 сыныптар 66,6 пайыз, ең төмен білім сапасын көрсеткен 11 сыныптар 38,8 пайыз.
Жаңа оқу жылында мектебімізді барлығы 7 оқушы үйде оқытылады: 2 сынып -1, 5сынып-1, 6 сынып -2, 7 сынып -1, 9 сынып -1, 10 сынып -1 оқушы.
Сонымен бірге жаңа оқу жылында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша ата-аналардан мектеп автобусымен тасымалдау бойынша Тараз қаласы № 11 территориялық округтің аға инспекторы М.М.Аккулиевтің атына өтініштер алынды, мектеп автобусы тоқтайтын аялдамаларға , автобус ішінде тәртіп және қауіпсіздік ережелерінің сақтау мақсатында кезекшілер бекітілді. Қазіргі таңда автобуспен оқу орнына және кері қарай мектепке тиесілі Казарма, Химик, Береке, Коммунальник, Победа, Дорожник, Юбилейный, Ветеран, ГРЭСС, Химстрой, Джамбылстрой массивтерінен 345 оқушы тасымалданады.
Мектеп бойынша 1-11 сыныптар аралығында оқу жылы басында әлеуметтік жағдайы төменотбасынан шыққан балаларының саны – 344, осы 344 оқушы ЖБББ қорынан бөлінген тегін ыстық тамақпен қамтылды. Тараз қалалсы әкімдігінің 2019 жылдың 13 қыркүйектегі №3262 қаулысы негізінде 17 қыркүйектен бастап мектебіміздің 192 оқушы ЖБББ қорынан бөлінген тегін ыстық тамақпен қамтылды. Барлығы - 536 оқушы болды. Әлеуметтік жағдайы төмен және жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың мұқтаждығына қарай мектеп ұжымы тарапынан әрдайым көмек ұйымдастырылып, әлеуметтік қолдаулар және «Мектепке жол» акциясынан 6 оқушы оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.
Құқық бұзушылық бойынша мектептің үш оқушысы 2019-2020 оқу жылында қалалық полиция бөлімшесінің есебінде тұрады. «Мектепішілік» есепте тұрған оқушы саны – 7.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді. Президенттің жолдауында белгіленген бес негізгі басымдылық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды, соның ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған.
Осыған орай жаңа басталған 2019-2020 оқу жылында жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектепішілік «Жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы» №390 мектепішілік бұйрық шығарылып мектеп ұжымы түгел таныстырылды. Мектептің бірінші қабатында арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стенд жасақталып, орналастырылды, сонымен бірге мектепке кіре беріс жерде арыз-шағым жәшігі де орналастырылды. Арыз-шағым жәшігі айына бір рет тексеріліп, хаттамасы жазылып толтырылып отырады. Оқу жылына арналған жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру бағытында мектеп ұжымымен, ата-аналармен, оқушылармен жұмыс жоспары жасалынып, бекітілді. Жұмыс жоспарға сай жыл бойына жалғасын таппақ.
Жаңа 2019-2020 оқу жылында мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылық жұмысқа қызығушылықтарын, эстетикалық талғамдарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қазіргі замандағы жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту мақсатында үйірме жұмыстары ұйымдастырылды. Үйірме жұмысы 28 атауды қамтыды. Үйірме жұмыстарына 1-11 сынып аралығы қамтылды. Үйірме жұмыстарын барлығы 42 жетекші жүргізеді. Сапалық құрамы төмендегідей:
Педагог-зерттеуші - 1;
Педагог-сарапшы - 3;
Бірінші санат - 8;
Екінші санат - 8;
Педагог - модератор - 13
Санаты жоқ – 9
Барлық 52 сыныпта сынып жетекшілер бекітіліп, тәрбие бағытында жұмыстар атқарылуда. Мектептің тәрбие сағаттарында ұлтжандылық, отбасылық, салауаттылық тақырыптары да қамтылып, бала бойына осы аталған құндылықтар қалыптастырылуда.
Тәрбие бағыты бойынша өткізілген іс-шаралар кешені.
Отбасылық тәрбие бағыт бойынша желтоқсан айына дейін барлығы жоспардан тыс 3 мәрте ашық тәрбие сағаттары, мектеп оқушылары арасында отбасылық видеороликтер челленді ұйымдастырылып мектептің фейсбук парақшасында орналастырылды, үздік 4 видеоролик Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының әлеуметтік желілерінде орналастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды.Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бойынша жоспардан тыс 3 патриоттық бірыңғай республикалық сабақтар өткізілді.
Ұлдар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 2 ұлдар жиналысы, қыздар арасында қыздардың репродуктивті денсаулығын қалыптастыру, жеке бас гигиенасымен ерте жүктіліктің алдын алу және мектепішілік ереже тәртіпке арналған 3 қыздар жиналысы, қалалық №1 мобилдік топ өкілдерімен 9-11 сынып оқушыларына арналған 1 жиын өткізілді.
Рухани-танымдық,Ұлттық тәрбие, Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бойынша үлкен көлемде Абай Құнанбаевтың 175жылдық мерейтойына, қазақтың үш бәйтерегі Бейімбет,Сәкен,Мағжанның 125 жылдығына, Буккроссинг жобасына, «Менің отбасымда» атты және ұсаздар күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бойынша 1-8 сыныптар арасында 2 мәрте ашық экосағаттар өткізілді. Қыркүйек айында 9-11сынып оқушылары Жалпыреспублткалық экосағат аясында мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына атсалысты. Қазан айында «Ақ Сұңқар» Жастар қауымдастығы, «Жамбыл облысының табиғи ресурстары» орталығымен бірлесе 9-11 сынып оқушылары мектеп ауласына 100 дана декоротивті тал көшеттерін отырғызды.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 7 сынып, 10 сынып оқушылары Қарахан, Айша Бибі, Көне Тараз тарихи кешенінде саяхат сабақтар өткізді.
Мектеп жоспарына сай алдағы уақытта мектептің білім сапасы мен тәрбие деңгейін көтеру мақсатында жұмыстар жалғасын таба бермек.
Шешім:
Мектеп директорының атқарылған жұмыстар есебіне «қанағаттанарлық» деген баға берілсін.
Қамқоршылық кеңес төрайымы А.Бимурзаева
Хатшы А.Маликова