23
ақпан
2022
Мектебімізде "Қыз Жібек" қыздар клубының мүшелеріне "Қыз -қылығымен көрікті" атты тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді
Мектебімізде "Қыз Жібек" қыздар клубының мүшелеріне "Қыз -қылығымен көрікті" атты тақырыпта қыздар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында қыздар арасындағы төбелес мәселесін талқылау мақсатында мектеп инспекторы сөз сөйледі. "Қазақ қызы қандай болу қажет?" атты тақырыпта мектеп психологі Н.Узбекова психологиялық тренинг өткізді. Мектеп медбикесі М.Абраймова гигиена, ерте жүктілік туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектебіміздің "Аналар клубының" мүшесі, көп балалы анамыз Г.Түзелбаева қыздар қауымына қыз тәрбиесі, қыз мәдениеті туралы сөз сөйлеп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.








