Іс-шаралар » Страница 10 » №59 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№59 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 54-47-40
Есепші бөлімі:
+7(726) 54-47-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектепішілік «Көктем аруы — 2020» байқауы
05
наурыз
2020
Мектепішілік «Көктем аруы — 2020» байқауы
2020 жылдың 4 наурызында №59 орта мектебінде «Көктем аруы — 2020» байқауы жоғары деңгейде өтті. Байқаудың мақсаты қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу. Міндеттері әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқау бес кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша барлық қыздарымыз жүлделі орындармен марапатталды.
"Ынтымағы жарасқан, туған елім-Қазақстан" тақырыбында фестиваль-байқауы
25
ақпан
2020
"Ынтымағы жарасқан, туған елім-Қазақстан" тақырыбында
Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына орай «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ №59 орта мектебінде 2020 жылдың 25 ақпанында "Ынтымағы жарасқан, туған елім-Қазақстан" тақырыбында фестиваль-байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
5 сыныптың ұл балаларымен түсіндірме жұмыстары
13
қазан
2019
5 сыныптың ұл балаларымен түсіндірме жұмыстары
5 сыныптың ұл балаларымен құқық   бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Ұстаз - ұлы тұлға»
04
қазан
2019
«Ұстаз - ұлы тұлға»
2019 жыл 4 қазан күні  №59 орта мектебінде «Ұстаз - ұлы тұлға» тақырыбында салтанатты шара өткізілді. Салтанатты шара мектептің өнерпаз жастарының ұстаздарына тартуы ретінде концерттік бағдарламамен басталды. Сонымен бірге білім саласында ұзақ жылдардан бері білім беріп келе жатқан әрі қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысқан ұзтаздарды марапаттады.
«Біз біргеміз» атты тренинг
14
қыркүйек
2019
«Біз біргеміз» атты тренинг
№59 орта мектепте Педагог психологтардың ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында «Біз біргеміз» атты тренинг сабағы жүргізілді.
Жалпықазақстандық ашық диктант
14
қыркүйек
2019
Жалпықазақстандық ашық диктант
№59 орта мектебінде ҚР тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы 2018 жылғы 19  ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету мақсатында 2019 жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11:00 де (синхронды түрде) латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып, жалпықазақастандық ашық диктант өткізілді.Ашық диктантқа оқушылармен қатар мұғалімдер, кіші қызметкерлер, мектеп әкімшілігі де қатысты.
«Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік Ел мұраты»
14
қыркүйек
2019
«Ахмет Байтұрсынұлы – мәңгілік Ел мұраты»
№59 орта мектебінде тілдер мерекесіне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – Мәңгілік Ел мұраты» тақырыбында іс шара ұйымдастырылды
Мектебімізде "Адалдық сағаттары" өткізілді
02
қыркүйек
2019
Мектебімізде "Адалдық сағаттары" өткізілді
Мектебімізде жас ұрпақ бойында рухани адамгершілік құндылықтарын, азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында бірыңғай "Адалдық сағаттары" өткізілді. Аталған тәрбие сағаттарымен мектебіміздің 25 ұстазы, 1,4,5,9,10,11 сыныптардан 610 оқушы қамтылды.
«Бір бала – бір ағаш » акциясы
28
тамыз
2019
«Бір бала – бір ағаш » акциясы
     2019-2020 оқу жылында «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында 1-сынып оқушылары «Бір бала – бір ағаш» ағаш отырғызу акциясына 120 оқушы қатысып, акция барысында мектеп маңына 120 түп ағаш отырғызылды.
«Сәбилер мектебі» мектепалды даярлық курсы
28
тамыз
2019
«Сәбилер мектебі» мектепалды даярлық курсы
2019 – 2020 оқу жылынан бастап 1 – сыныпқа қабылданатын балаларға арналған ұзақтығы 1–2 ай мерзімге «Сәбилер мектебі» даярлық курстары ұйымдастырылды.