Террорлық акт кезіндегі оқушылар мен мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздік іс-әрекеті"
ХАТТАМА №____
№ 59 орта мектеп бойынша 09.04.2021 ж
Оқушылар – 65 Тараз қаласы
Мектеп қызметкерлері: 8
Күн тәртібінде:
1. "Террорлық акт кезіндегі оқушылар мен мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздік іс-әрекеті"
2. Әр түрлі мәселелер.
І. Тыңдалды: "Террорлық акт кезіндегі оқушылар мен мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздік іс-әрекеті"
І. Сөз алды: Мектеп директоры М.А.Джантелиев:- Құрметті оқушылар, мекеме қызметкерлері! Бүгін біз "Террорлық акт кезіндегі оқушылар мен мекеме қызметкерлерінің қаіпсіздік іс-әрекеті" тақырыбында кездесу жасап отырмыз. Сіздерге айтарымыз: мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
І.2. Мектеп инспекторы, полиция майоры М.А.Адилхан: – Құрметті оқушылар. Террорлық акт кезінде ең басты ескеретін іс әрекеттер: табылған заттың жарылыс қаупі болуы мүмкін екендігін дәлелдейтін белгілері: машинада, баспалдақта, пәтерде және т.б. жерде беймәлім түйіншектің немесе қандай да бір заттың болуы;машинаның астынан шығып тұрған сым темір, бау, сым, қорек көзі немесе оқшаулау лентасы;бөтен сөмке, портфель, қорапша, қандай да болсын зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттың өзгеше орналастырылуы; табылған күдік тудыратын заттағы шу (сағат тетігіне тән сипаттағы дыбыс, жиілгі төмен шу);Біліп жүріңіз: заттың сыртқы пішіні оның негізгі мақсатын жасырып тұруы мүмкін.Жарылғыш құрылғылар үшін камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қорапшалар, ойыншықтар және тағы да басқа заттар пайдаланылады.
І.3.ДҚТІЖО А.Н.Достанбеков: - Құрметті оқушылар террорлық акт кезіндегі қауіпсіздік іс-әрекеттеріне мыналар жатады: кез-келген күдікті табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға;табылған бөгде затты пайдалануға; заттарды орындарынан қозғауға, бір жерден екінші жерге дөңгелетіп апаруға, қолға алуға; көтеруге, тасуға, қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.: жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға; заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдарды үзіп тастауға немес тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;мүмкіндігінше оған жақын аралықта радио- және электр-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;табылған затпен немесе күдік тудыратын заттармен жеке іс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкін, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.
Шешім:
1.Кездесу барысында айтылған әңгімелер назарға алынсын;
2.Оқу жылы барысында оқушылар арасында терроризмнен қорғануға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
Мектеп директоры: М.А.Джантелиев
Хатшы: Қ.Дәрменкулов