09
қыркүйек
2024
2024-2025 оқу жылында "Мектепке жол" акциясы туралы
2024-2025 оқу жылындағы «Мектепке жол» республикалық
қайырымдылық акциясында көрсетілген көмек туралы анықтама
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 2024 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №59 орта мектебінде де осы қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету.
Осы аталған акцияға Каспий және Центр кредит банк өкілдері аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан 9 білім алушыға мектеп формасы мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етіп, демеушілік көрсетті.
Халық банк өкілдері демеушілігімен 1 білім алушыға мектеп сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Абдразакова мектебіміздің көп балалы отбасыдан шыққан 4 білім алушысына мектеп сөмкесі мен мектепке қажетті оқу құралдарын тарту етті.
№59 орта мектеп ұжымы 113000(жүз он үш мың теңге) көлемінде қаржы жиналды. Ұжымның демеушілігімен 1 сыныптың 15 білім алушыға жалпы көлемі 75700 теңге (жетпіс бес мың жеті жүз) қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға: әліппе, математика, жаратылыстану, дүниетану жазу дәптерлері алынып таратылды.
Бір отбасынан шыққан үш білім алушыға жалпы көлемі 37300 теңге (отыз жеті мың үш жүз) қаржылай көмек көрсетілді.
Ата-аналар тарапынан қайырымдылық қорына, демеушілерге, мектеп ұжымына ыстық ықыласын білдіріп, алғыстарын айтты.
Анықтаманы дайындаған: Казакбаева Т.Б