2024-2025 оқу жылындағы үлгілік оқу жоспарының ерекшеліктері » №59 орта мектеп
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№59 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 54-47-40
Есепші бөлімі:
+7(726) 54-47-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2024-2025 оқу жылындағы үлгілік оқу жоспарының ерекшеліктері
08
тамыз
2024

2024-2025 оқу жылындағы үлгілік оқу жоспарының ерекшеліктері

2024-2025 оқу жылындағы ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (ҚР Оқу-ағарту министрінің 26.10.2023 ж. № 323 және 08.02.2024 ж. № 27 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына» сәйкес білім беру ұйымдары:
- үлгілік оқу жоспарын, оның ішінде оқу процесі жүзеге асырылатын қысқартылған оқу жүктемесі бар үлгілік оқу жоспарларын дербес таңдап алады;
- үлгілік оқу жоспарының вариативтік бөлiгiнiң құрамына кiретiн және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететiн оқу пәндерi бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзiрлеудi білім беру ұйымы дербес жүзеге асырады.

Білім беру ұйымдары жұмыс оқу жоспарларының Үлгілік оқу жоспарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді. 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарын әзірлеу кезінде Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын (оның ішінде төмендетілген оқу жүктемесімен) тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.

Бастауыш білім беру деңгейі бойынша:
• тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3-сыныптан бастап аптасына 2 сағат көлемінде «Шетел тілі» пәнін оқыту енгізілетінін;
• 3-сыныпта «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері аптасына 1 сағаттан оқытылатынын;
• «Жаратылыстану» пәні 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4-сыныпта аптасына 2 сағаттан оқытылатынын ескеру қажет.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив